USD
USD
USD

Қостанайда өзін дәнекерлеуші ретінде таныстырған ұры ұсталды

Қостанайда өзін дәнекерлеуші ретінде таныстырған дүкен ұрысы ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай қаласында полицейлер бірнеше ұрлық пен бір тонау қылмысына күдікті ер адамды құрықтады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол қылмыстарын әртүрлі орындарда жасаған: аялдамалардан бастап сауда бутиктеріне дейін, тіпті өзін электрик ретінде таныстырып, тұрғын үйлерге де кірген.

Оқиғалардың бірі орталық базар маңындағы аялдамада орын алған. Автобусты күтіп тұрған қарт әйел сөмкесін орындықта қалдырған сәтте күдікті оның әмиянын жасырын ұрлап кеткен. Басқа жағдайда ол ОӘД ғимаратындағы бутиктердің біріне кіріп, кассадағы ақшаны білдіртпей алып шыққан. Сондай-ақ күдікті көкөніс дүкенінің кассасынан 94 мың теңгені қолды қылған. Дәнекерлеуші кейпіне енген ол қостанайлық зейнеткердің пәтеріне кіріп, қолайлы сәтті пайдаланып, оның сөмкесінен 20 мың теңгені ұрлап кеткен.

Бұған қоса дүкендерде қараусыз қалған әмиян салынған сөмкелерді де жымқырған. Күдіктінің әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 775 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта оған қатысты бірнеше рет ұрлық және тонау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй