USD
USD
USD

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Оқиға 28 наурыз күні таңертеңгі уақытта Қостанай қаласындағы «Береке» шағын ауданында болған.

Полиция қызметкері
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. «Наша газета» басылымының Telegram-дағы арнасы жариялаған видеодан бірнеше ер адамның полиция қызметкерін жабылып тепкілеп жатқанын көруге болады.

Қостанай облыстық полиция департаменті шабуыл жасау фактісін растады.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларын ертіп бара жатып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған адамдарға ескерту жасаған. Әлгі адамдар оған ашық агрессия танытып, физикалық күш қолданған.

«Қызметкер қызметтік формасымен жұмысқа шығып бара жатқан.

Шабуыл жасағандардың барлығы анықталып, ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті,

Күдіктілер үйқамаққа жіберілді. Ал зардап шеккен полиция қызметкері қазір амбулаториялық ем қабылдап жатыр, оқиға кезінде балалары зардап шекпеген.

Тәртіп сақшылары полиция қызметкеріне қол сұғу заңды тікелей бұзу екенін еске салып өтті. 

«Мұндай әрекеттер қатаң әрі ымырасыз түрде тоқтатылады. Әрбір кінәлі толық көлемде жауапкершілікке тартылады», – деп ескертті полиция өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам науқасқа шақырту бойынша барған медицина қызметкерлерін пышақпен қуалап, қорқытқаны үшін қамауға алынғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық