USD
USD
USD

Қостанайда қызылша жұқтырғандар саны 17 есеге жуық өсті

Жыл басынан бері Қостанайда қызылшаның 167 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде 10 адамнан ғана қызылша анықталғанын ескерсек, биыл бұл көрсеткіш 17 есеге жуық артқан.

Қыщылша
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Kazinform агенттігі хабарлады.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары аурудың көбеюіне вакцинадан бас тарту себеп болып отырғанын айтады.

Атап айтқанда, 65 науқас (38,9%) ата-анасының бас тартуына байланысты вакцина алмаған. Тағы 57 жағдай (34,1%) жоспарлы вакцина жасына әлі жетпеген бір жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Ал 19 науқастың (11,3%) екпе мәртебесі белгісіз болған. 15 адамға (8,9%) медициналық қарсы көрсетілімге байланысты вакцина салынбаған. Ал 11 науқас (6,5%) бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алған.

Санитариялық дәрігерлердің мәлімдеуінше, биылғы жартыжылдықта 14 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық екпе салдырудан 795 ата-ана бас тартқан. Оның ішінде 758 жағдайда (95,3%) ата-аналар мұндай шешімін жеке ұстанымымен түсіндірген. Тағы 24 адам (3%) қолданылатын вакцинаға сенімсіздік танытса, 9 жағдай (1,1%) діни көзқарас болса, ал 4 жағдай (0,5%) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпараттың ықпалына байланысты болған.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram