USD
USD
USD

Қостанайда итті тепкен мас ер адам полицейге бағынбағаны үшін қамалды

Үйлердің бірінің кіреберісінде үш азамат болды. Осы сәтте анасы мен қызы өздерінің итімен жоғарғы қабаттан төмен қарай түсіп келе жатты. Ит алға қарай жүгіріп, адамдарға үре бастады. Ер адамдардың бірі итті аяғымен теуіп, ит қабырғаға ұшып кетті. Ит иесі полицияға жүгінді.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға орнына келген учаскелік полицей олардан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқап, медициналық куәландырудан өтуді талап етті. Алайда итті тепкен азамат полицейдің заңды талабына бағынбай, өзін агрессивті ұстап, балағат сөйлеген.

Содан полицей самбо әдісін қолданып, үшеуін медициналық куәландыруға жеткізді. Итті тепкен азамат қамалды. Үшеуі де жауапқа тартылды.

Жануарға қатыгездік көрсеткен азамат 18 мың теңге айыппұл арқалады. Заңға бағынбағаны және балағат сөздер айтқаны үшін 180 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынды.

Тағы екеуі кіреберісте масаң күйде болғаны үшін және сол жерде темекі шеккені үшін жазаланды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.