USD
USD
USD

Қостанайда дәрігерге шабуыл жасаған күдікті екі айға қамауға алынды

Қостанай облысында дәрігерді соққыға жыққан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми мәлімдеме таратты.

Ұстау
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Ресми ақпаратқа сәйкес, күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Оны полиция қызметкерлері жедел ұстаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облыстық ауруханасының жедел жәрдем қабылдау бөлімінде белгісіз ер адам жас хирургке шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Зардап шеккен ақ халатты маман дереу Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай мен Қарағанды қалаларында медицина қызметкерлеріне қарсы жасалған оқиғалардан кейін халыққа үндеу жолдады. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау нысандарында қауіпсіздікті күшейту мақсатында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шұғыл түрде ургенттік стационарлардың, балалар және перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы күзет посттарын орнату туралы шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк