USD
USD
USD

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Желіде Қостанай облысы Алтынсарин ауданында орналасқан «Светофор» балалар жазғы лагерінде түсірілген видео жарияланды.

Светафор
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Бейнежазбада бітеліп қалған дәретханалар мен тозығы жеткен бөлмелердің қолданысқа берілгенін көруге болады. Видео астындағы жазбада лагерьдегі бір жолдаманың құны 80 мың теңге екенін айтқан.

Осы оқиғадан кейін Қостанай облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті лагерьге жоспардан тыс тексеру жүргізіп, мекемеде санитариялық талаптардың өрескел бұзылғанын анықтады.

Атап айтқанда, асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өтпеген, балаларды тамақтандыруға тыйым салынған азық-түліктер (өсімдік-майлы спред, ірімшік өнімі, үй жағдайында өндірілген сүт пен жұмыртқа, жеміс шырындары) пайдаланылған, жатын корпустарындағы жуыну бөлмелеріндегі су жылытқыштар істемеген, кәріз жүйесі бітеліп қалған.

Нәтижесінде бас санитариялық дәрігердің арнайы қаулысымен тоғыз асхана қызметкері жұмыстан уақытша шеттетіліп, тамақ өнімдерін дайындауға тыйым салынды. Сондай-ақ үш жатын корпусы уақытша жабылып, асхана жұмысы тоқтатылды.

Ал лагерь жұмысын ұйымдастырған жеке кәсіпкерге 346 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, анықталған кемшіліктерді жою туралы санитариялық нұсқама берілді.

Қазір оқып жатыр

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Ит пен мысық