USD
USD
USD

Қостанайда АН-2 санавиация ұшағы апатты жағдайда қонды

Бүгін қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 км қашықта, әуежай маңында, Қостанай – Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы қатты қозғалыспен қонуға мәжбүр болды.

Апат
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Костанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары ауа райына байланысты қиындай түсті.

Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істейді.

Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді.

Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.