Референдум Референдум
23 Ақпан 13:04
...

Қостанай тұрғыны құрттаған кәмпит сатқан кәсіпкерден 250 мың теңге өндіріп алды

кәмпит
Фото: istockphoto.com

Қостанайда құрттаған кәмпит сатқан кәсіпкер моральдық зиян үшін жауапқа тартылды. Сот тұтынушы талап еткен 2 млн теңгенің орнына 250 мың теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Референдум

Астана, NEGE. Қостанай қалалық соты баспасөз қызметінің ақпарынша, қала тұрғыны қыркүйекте дүкендердің бірінен кәмпит сатып алған. Келесі күні тәттілердің құрттап кеткенін көріп, уәкілетті органға арызданған. Тексеру нәтижесінде аталған кәмпиттерде паразиттердің бары расталды.

Құрттаған тәттілер дауы сотқа жетіп, тұтынушы соттан 2 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұраған. Ол сапасыз өнімге байланысты жиіркеніш, күйзеліс пен уайымға түскенін, сондай-ақ балаларының алдында өзін кінәлі сезінгенін айтқан.

Сот отырысында жауапкер ретінде танылған кәсіпкер сапасыз тауардың сатылғанын мойындады. Алайда денсаулыққа зиян келтірілгенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін алға тартып, талап сомасымен келіспейтінін білдірді. Компания өкілі 200 000 теңгені ерікті түрде төлеуге дайын екенін мәлімдеген.

Сот «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 21-бабына сәйкес, талапкердің құқықтары бұзылған жағдайда моральдық зиян сот тәртібімен өндірілетінін атап өткен. Дегенмен, сот денсаулыққа нақты зиян болмағанын, кәсіпкердің кешірім сұрағанын және шығынның бір бөлігін ерікті түрде өтейтінін ескеріп, шешім шығарды.

Нәтижесінде моральдық зиян мөлшері 2 млн теңге емес, 250 мың теңгеге дейін қысқартылды.

Референдум