8 Сәуір 13:19
...

Қостанай өңірінде 8 мыңнан астам құтқарылды

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Қостанай облысы бойынша жағдайы тұрақты қауіпті деп айтуға болады.

Алматы, NEGE. 6 елді мекенде төтенше жағдай жарияланған. Өңірдің оңтүстік жағындағы елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар залалды зерттеу комиссиясы жұмыс атқарып жатыр. Қостанай қаласы бойынша Тобыл өзенінің көтерілуі себебінен құтқару жұмыстары жалғасуда. 7 саяжай қоғам тұрғындарын құтқару жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ алаңында хабарлады.

«Бір тәулікте 2285 адам, оның ішінде 84 бала құтқарылды. Жалпы құтқарылған адам саны – 8300 ден астам, оның ішінде 1700-ден астам бала құтқарылды. Уақытша орналастыру пунктерінде 464 адам, оның ішінде 123 бала бар. Тобыл өзені бақылауда. Себебі Қаратомар, Желқуар, Амангелді қоймаларынан әлі су келіп жатыр. Бұл қоймалар 99%-ға толып жатыр. Жеке құрам бойынша адам саны жетіп жатыр. Қостанай қаласы бойынша айтатын болсақ, екі көпірде жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдай министрі, әскерилер жұмыс істеп жатыр. 35 мыңдай қапшық құммен көпірдің үстін жабу жұмыстары жалғасуда», - деді спикер.