USD
USD
USD

Қостанай облысының тағы 14 ауданына тасқын қаупі төніп тұр

Қостанай облысының құтқарушылары өңірде су тасқыны жағдайы ушығып бара жатқанын ескертті.

су тасқыны
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық ТЖД қызметкерлері жергілікті тұрғындарға үндеу жасады. Қардың белсенді еруі мен жауын-шашынға байланысты 14 аудан қауіпті аймаққа енгізілген.

Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 31 наурыздан бастап Қостанай облысы аумағында ауа температурасының күндіз +20 градусқа дейін көтерілетінін және аптаның ортасында түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауатынын хабарлайды. Осыған байланысты, облыстың оңтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайының қайтадан қиындау қаупі жоғары, - делінген хабарламада.

Бұған қоса, Ресей Федерациясының аумағынан ірі өзендер арқылы су ағыны артуы мүмкін.

Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Федоров аудандары мен Бейімбет Майлин ауданы су ағынының қауіпті аймағында орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж