Референдум Референдум
5 Наурыз 14:52
...

Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады

Қостанай облысы
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Қостанайда «Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған билік, бизнес және қаржы секторларының өкілдері қатысып, аймақтың даму перспективаларын және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша жақында өтетін республикалық референдумды талқылады.

Референдум

Жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, облыстық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Сайлаубек Ещанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік директоры Ренат Давлетпаев, ТОО «Зуевка» директоры Александр Бородин, өңірдегі Еуразиялық банк филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты Кырмызы Жанбыршина және бизнес пен агросектор өкілдері қатысты.

Қостанай облысы
Қостанай облысы әкімдігі

Жиынды ашқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов алдағы референдумның маңыздылығын атап өтіп, жаңа Конституцияның адамға бағытталған негізгі қағидаларды бекітетінін айтты.

«15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді. Алғаш рет Конституцияның алғы сөзінде негізгі құндылықтар ретінде адамға құрмет, жауапкершілік пен әділдік көрсетілген. Бұл мемлекеттік саясаттың басты басымдығы – адам, оның құқықтары мен өмір сүру сапасы екенін айқындайды», – деді әкім.

Оның айтуынша, экономиканың дамуы адамдар үшін жағдай жасауға – жұмыс орындарын ашуға, лайықты табысты қамтамасыз етуге, заманауи инфрақұрылым мен сапалы білім беру жүйесін дамытуға тікелей байланысты.

Қостанай облысында қазір 79 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, олардың жалпы сомасы 2,4 трлн теңгені құрайды, нәтижесінде 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Тек 2025 жылы 12 индустриалды жоба іске қосылды, олардың жалпы сомасы 337,3 млрд теңге. Ірі жобалардың қатарында Kia зауыты (131,5 млрд теңге) бар, мұнда 1500 тұрақты жұмыс орны құрылды. KamLitKZ компаниясы үш ірі машина жасау жобасын іске асырып, аймақта тағы 1150 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етті.

Қостанай облысы
Қостанай облысы әкімдігі

Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені белсенді дамуда. Аймақта терең өңдеу жобасы жүзеге асырылуда, 7 заманауи сүт-тауарлық кешен жұмыс істеп тұр, биыл тағы 5 кешен ашылуы жоспарланған.

Конституциялық комиссия мүшесі Сайлаубек Ещанов жаңа Конституция жобасының басты нормаларының бірі – мемлекеттік биліктің бірден-бір дереккөзі және егеменділіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатынын атап өтті.

«Атамекен» палатасының өкілі Ренат Давлетпаевконституциялық өзгерістердің іскерлік қауымдастық үшін маңызды екенін, жеке меншікті қорғау, заң үстемдігі және әділ бәсекелестіктің тұрақты экономикалық дамудың негізі екенін жеткізді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасын бір ауыздан қолдап, Қостанай облысының және елдің тұрақты дамуы әділдік, жауапкершілік және адамның мүддесін басымдыққа қою принциптерін нығайтуға тікелей байланысты екенін атап өтті.

Референдум