USD
USD
USD

Қостанай облысында жеке сот орындаушысына шабуыл жасалды

4 ақпанда Қостанай облысының жеке сот орындаушысына алимент бойынша қарызы бар борышкер шабуыл жасап, бетін жарақаттаған.

Жеке сот орындаушысына жасалған шабуыл
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы мәлімдеді.

«Алдын ала деректер бойынша, шабуылдың себебі – алимент өндіру бойынша жүргізілген әрекеттер және борышкерді әкімшілік жауапқа тарту. Сот орындаушысына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Шабуылдан кейін алимент бойынша борышкер оқиға орнынан қашып кеткен, алайда құқық қорғау органдары оны ұстады. Оның екі балаға алимент бойынша қарызы – 318 326 теңге», – деп хабарлады палата өкілдері.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы алимент өндіру жөніндегі қызметтік міндетін атқарып жүрген әріптесіне жасалған шабуылды қатаң айыптады.

«Біз мұндай әрекеттерді заңды өрескел бұзу және мемлекет берген өкілеттіктер аясында әрекет ететін адамның өмірі мен денсаулығына қол сұғу деп бағалаймыз. Суық қару қолдану арқылы жасалған шабуыл – бұл тек нақты бір сот орындаушысына қарсы жасалған қылмыс емес, сонымен қатар заңға, құқықтық тәртіпке және жалпы әділдікке қарсы жасалған қадам», – дейді Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы өкілдері.

Сондай-ақ палата өкілдері зардап шеккен әріптесіне қажетті қолдау көрсетілетінін және мұндай қылмыстардың жазасыз қалмауына, сондай-ақ сот орындаушылар еңбегінің лайықты мойындалып, қорғалуына қол жеткізуге күш салатынын атап өткен.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті

FlyArystan

Депутат такси жүргізушілері мен курьерлерге сағаттық төлем енгізуді ұсынды

Яндекс такси

Павлодарда оқ жарақатын алған әскери қызметшінің қазіргі жағдайы мәлім болды

Жансақтау бөлімі

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты

Медицина қызметкерін ұрған