USD
USD
USD

Қостанай облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Қостанай облысының Жітіқара ауданындағы Степное және Тоқтаров ауылдарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қостанай облысы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. «Ақ Жайық» басылымының аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлауынша, төтенше жағдай режимін енгізуге су құбыры желілерінің тозуы себеп болған.

Билік өкілдері бұл шара тұрғындардың өміріне тікелей қауіп төнгендіктен емес, инфрақұрылым мәселелерін шешу үшін енгізілген «стандартты рәсім» екенін атап өтті. ТЖ режимі тендерлік рәсімдердің мерзімін қысқартып, ауқымды жаңғырту жұмыстарын тезірек бастауға мүмкіндік береді.

Басылымның жазуынша, қазіргі таңда елді мекендердегі жағдай мәз емес: су қатаң кесте бойынша беріледі әрі сапа бойынша көрсеткіштер көп жағдайда талапқа сай келмейді. Осыған байланысты тұрғындарға суды қайнатып немесе сүзгіден өткізіп барып қана пайдалануға тура келеді.

Осыған байланысты әкімдік жаңа су мұнарасын салуды, заманауи сорғы станцияларын орнатуды және су құбыры нысандары кешенін тұрғызуды жоспарлаған. Бұл шаралар аудандағы сумен жабдықтау жағдайын тұрақтандырып, тұрғындарды тәулік бойы сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг

Астана кәсіпкерлер палатасының басшысы өзге адамның ЖСН-і арқылы бәс тікті деген айыптауға жауап берді

Қанат Әлин