USD
USD
USD

Қостанай облысында тексеруден кейін «Светофор» лагері жабылды

Қостанай облысында сот шешімімен «Светофор» балалар сауықтыру орталығының қызметі тоқтатылды.

Светафор
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ата-аналардың өтініші негізінде лагерьге жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеру барысында өтініште санитариялық нормаларды өрескел бұзу деректері расталған.

Атап айтқанда, мамандар тамақтандыруды ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, аумақ пен үй-жайлардың санитариялық жай-күйі, сондай-ақ персоналдың міндетті медициналық тексеруден өту талаптарының бұзылғанын анықтады.

«Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, ал бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші жойылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар министрлік заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізген. Оның қорытындысы бойынша кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Денсаулық сақтау министрлігі әрбір азаматтың өтініші ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Қостанай облысы Алтынсарин ауданында орналасқан «Светофор» балалар жазғы лагерінен түсірілген бейнежазба тараған еді. Балалардың бірі түсірген видеода бітеліп қалған дәретханалар мен тозығы жеткен бөлмелер көрсетілген.

Осы жағдайдан кейін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті лагерьді тексеріп, асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өтпегенін, жуыну бөлмелеріндегі су жылытқыштардың істемейтінін, кәріз жүйесінің бітеліп қалғанын және өзге де өрескел бұзушылықтар анықтады. Нәтижесінде лагерьді ұйымдастырған кәсіпкерге айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум