USD
USD
USD

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерден біржолғы төлемге 1345 өтініш түсті

715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда.

Ақша
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Облыстың екі қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірлердің барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасайды», - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды. Бүгінгі күні 353 үй тексерілді, оның ішінде 159 үй қалпына келтіруге жатады, олар бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін залал сомасы төленетін болады. Қалпына келтірілмейтін үйлер бойынша, бұл 194 тұрғын үй, бұл тұрғындарға үйлер берілетін болады. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан мал өлімі 951 басты құрады. Бүгінгі күні бағалау бойынша есептер 214 бас бойынша дайын, олар бойынша төлем жасау басталды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг