USD
USD
USD

Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды

Қостанай облысы Қарасу ауданында көктемгі су тасқынынан кейін Алабота және Қойбағар көлдеріндегі су деңгейінің көтерілуі "Қарасу-Үлкен Чураковка" тас жолының (0-15 км) жабылуына себеп болды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Жол
Фото: maqat-tynysy.kz

Алматы, NEGE. Департамент мәліметінше, көл сулары нормадан асып, жолдың кейбір учаскелеріне жайылған. Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, Новоселовка ауылы мен Әулиекөл ауданы арқылы балама бағыттар ұсынылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған, елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр.

Сәуір айында Қостанай облысында "Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай" тасжолының -22 учаскесіндегі жолдарда су тасқыны болғанын еске саламыз. Бұған Тобыл өзенінің тасуы және Ресей Федерациясынан судың көп келуі себеп болған. Көп ұзамай Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп, Ақмола облысында жолды су шайып кеткен болатын.

Ол кезде Көкшетау – Атбасар автомобиль жолының 120-184 километрінің, яғни Максимовка ауылынан Атбасар қаласына учаскесінің жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы