USD
USD
USD

Қостанай облысында су басқан ауылдың азаматтары жәрдем сұрауда

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Байтұрсын ауылының жұрты дабыл қағуда. Үйлерін су басқан азаматтардың жан-айқайын белсенді, журналист Дина Елгезек әлеуметтік желіде бөлісті.

Қостанай
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ауыл тұрғындары үйлерінің суға кеткенін айтып, көмек сұрауда. Видеодағы азаматтың айтуынша, апаттың алдын алып, өз бетінше бөгеттер жасап, төтенше жайтты қайтармақ болған. Алайда қатты желдің салдарынан еңбектері текке кетіп, 6 үйді су басып қалған.

Бұдан бөлек, аудан орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан Ақкөл және Ахмет ауылының жолдарын су шайып, ауыл тұрғындары байланыссыз қалған. Аймақтағы қазіргі ахуал әзірге белгісіз.

"30 наурыз күні түнгі сағат 4:00-де Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының (Қостанай облысы, Жангелдин ауданы) тұрғындары дабыл қағып, көмек сұраған хабарлама келді. Аудан орталығынан 120 км қашықтықта жатқан Ақкөл және Ахмет ауылы 3-4 күн бұрын жолдарын су шайып, байланыс үзілген болатын. Сонымен қатар, ауыл ағынды судың ортасында қалды. Қазіргі таңда судың мөлшері асып, үйлерді су шая бастаған" деп жазды Дина Елгезек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг