USD
USD
USD

Қостанай облысында шекарадан заңсыз өткен шетелдік азамат ұсталды

Қостанай облысында шекарадан заңсыз өткен шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бұл фактіні көші-қон қызметінің мамандары «Заңсыз келуші-2024» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықтады.

Өзбекстан Республикасының 54 жастағы азаматының құжаттарын тексеру кезінде полицейлер оның шекарадан заңсыз өткенін анықтады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін бір мың АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ел аумағынан бес жыл мерзімге шығарып жіберу көзделген, – деді Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұрат Ахметжанов.

Сондай-ақ ол «Заңсыз келуші» акциясының бірінші күні полицейлер өңірде көші-қон заңнамасын бұзушылықтың 60 дерегін анықтап, 4 шетелдікті ҚР аумағынан шығарғанын атап өтті.

47 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. 14 азамат ішкі істер органдарын шетелдік азаматтардың өздерінде болғандығы туралы хабардар етпегені үшін, 4 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай