USD
USD
USD

Қостанай облысында мектеп оқушылары 5 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Қостанай облысында бес жасар қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.

Ойыншық ұстаған қыз бала
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында үш бала анықталды. Күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, соңғысына қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ», - деп хабарлады ПД.

Полицейлер бұл іске қатысты барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

«Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», - деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, Қостанайда 5 жасар қызды 8, 12 және 13 жастағы ұл балалар зорлаған. Анасының айтуынша, кішкентай қыз болған жағдайды ешкімге айтпасын деп қолына бір қап ойыншық ұстатқан.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран