USD
USD
USD

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы Қазақстан агротехникалық колледжінде бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

Қазақстан агротехникалық колледжі
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Прокуратураның хабарлауынша, тексеру барысында 45 студент сабаққа іс жүзінде қатыспаса да, колледжде білім алушылар қатарында тіркеліп келген. Салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Сонымен қатар бес жыл бойы қалдық құны нөлге тең көлік құралдарын есептен шығару бойынша шаралар қабылданбаған. Бұған қоса 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайынан кемшіліктер анықталған.

«Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде 45 студент оқудан шығарылып, 7 оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал колледж директоры атқаратын қызметінен босатылды», – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта, прокурорлардың мәлімдеуінше, негізгі құралдарды есептен шығару рәсімі басталып, жатақхананы жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті

Қандастар Президенттен KazTest талаптарын қайта қарауды сұрады

Төлқұжат