USD
USD
USD

Қостанай облысында қару салынған сейфті ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Арқалық қаласында аматтық қаруы бар сейф ұрланды. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті ретінде бұрын сотты болған 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, криминалдық полицияның жедел іс-қимылы нәтижесінде ұсталды. Ол Ашутасты ауылының тұрғынының үйіне заңсыз кіріп, ішінде 12 калибрлі екі мылтығы бар сейфті ұрлап әкеткен.

Айта кетерлігі, қару барлық заң талаптарына сәйкес сақталған, сейф қабырға мен еденге мықтап бекітілген болатын.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтық қаруды ұрлау ауыр қылмыс болып саналады және оған 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат