USD
USD
USD

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

Қостанай облысында мектеп дәретханасында екі алтыншы сынып оқушысы бесінші сыныпта оқитын 10 жастағы балаға зорлық жасаған деген күдік бар. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

сот
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. «Не Молчи» қорының ақпаратынша, жағаұстарлық жағдайды дәретханаға кірген жоғары сынып оқушысы байқап қалған. Ол болған жайтты жәбірленуші баланың туған ағасына айтып барған. 

Оқушылардың әрекеті әшкере болғаннан кейін мектеп директоры аудандық полиция бөліміне хабар берген, жәбір көрді делінген баланың анасы да полицияға арыз жазып, адвокаттың көмегіне жүгінген. Қылмыстық іс 16 қарашада тіркелген.

Қоғамдық қордың желідегі парақшасында жарияланған ақпаратта күдікті балалардың бірінің ата-анасы осы мектепте жұмыс істейтіні, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің басшысы істің жабылатынын жеткізіп үлгергені айтылған.

Осыған байланысты қор өкілдері істі бақылауға алуды, прокурорлық қадағалау орнатуды және аудан орталығынан елді мекенге арнайы мамандар жіберуді талап етті.

Сондай-ақ олар баланы және анасын жәбірленуші деп тануды, ал алтыншы сынып оқушыларын айыпталушы ретінде жауапқа тарту мәселесін қарастырып, істі қылмыстық бап бойынша сотқа жолдауды сұрады. Бұдан бөлек, жәбірленуші тарапқа моральдық және материалдық шығынды өндіру мәселесін көтерді.

Қостанай облыстық полиция департаменті редакцияға қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп жатқанын хабарлады.

«Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері тергеу аяқталмай тұрып, асығыс қорытынды жасамауға шақырды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі шаралар қарастырылғанын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Джон ван ’т Схип

Қазақстан дүниежүзілік мұра нысандары бойынша Азияның үздік 20 елінің қатарына енді

Коллаж

Студенттер қазасынан кейін ҚазҰУ-да кешенді тексеру жүргізілмек

ҚазҰУ

Жоғарғы соттың 16,6 млн азаматтың жеке дерегін қамтитын дерекқоры сатылымға шығарылғаны рас па?

Жоғарғы сот