USD
USD
USD

Қостанай облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қостанай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері Рудный қаласының аумағында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен адамдар тобы автокөліктер, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон және ақша қаражатын бопсалағаны туралы ақпарат алынды. Осылайша олар жалпы сомасы 12 млн теңгеге материалдық шығын келтірді. Тінту барысында олардан: пышақтар, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев