USD
USD
USD

Қостанай облысында бақшасында өсімдіктерін өсірген күдікті ұсталды

Қостанай облысы Б.Майлин ауданында каннабис өсімдіктерін өсірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Береговое ауылында есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктінің үй маңындағы жер учаскесінен өзіне тән иісі бар 13 түп өсімдік табылды.

Алдын ала болжам бойынша бұл – каннабис.

Полицейлердің айтуынша, ер адам тұқымды интернет арқылы сатып алып, оларды бақшасында еккен. Үйді тінту кезінде электронды таразылар мен сыртқы белгілері марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат тәркіленді. Медициналық сараптама күдіктінің ағзасында каннабиноидтардың бар екенін растады. Ер адамның айтуынша, ол есірткі заттарын тек жеке қолдану үшін өсіріп, сақтаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, арнайы сараптама тағайындалды. Ол тәркіленген өсімдіктердің иісі ерекше заттардың есірткі, психотроптық зат немесе олардың аналогы не прекурсор екендігін, сондай-ақ салмағын анықтау үшін қажет. Мұндай құқық бұзушылық үшін ер адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино