USD
USD
USD

Қостанай облысында 700 астам полиция қызметкері мен әскерилер су тасқыны салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылды

Қостанай облысында 700 астам полиция қызметкері мен әскерилер су тасқыны салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ұлттық ұланның 100 әскери қызметшісі және ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 120 курсанты апат қаупі төнген аумақтарда жұмыс істеп жатыр.

Облыс орталығында негізгі күштер Тобыл өзенінің маңында орналасқан бау-бақша қоғамдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге бағытталған. Сонымен қатар, полиция құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірге Рудный қаласында, Перцев ауылында, Әулиекөл, Денисов, Қостанай, Қарасу, Қарабалық және Б.Майлин аудандарында адамдарды эвакуациялауда.

Су тасқыны басталғаннан бері өңірде 3000 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тонау фактілерін болдырмау үшін полиция тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырды. Бекеттер қойып, жолдағы жағдайды бақылап отыр.

Қазіргі уақытта топан су облыстағы жолдардың 32 учаскесін басып қалды. Салдарынан 2 республикалық, 4 облыстық және 2 жергілікті маңызы бар жолдар жабылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг