Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жоғалып кеткен бір үйір жылқы иесіне қайтарылды

Қостанай облысында полицейлер жоғалып кеткен бір үйір жылқыны иесіне қайтарды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалып кеткен бір үйір жылқы иесіне қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денисов ауданының 45 жастағы тұрғыны 42 бас жылқысының жоғалып кеткенін айтып, полицияға арыз жазған. «Жылқыларды іздеу үшін аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сергей Олгаренконың нұсқауы бойынша жедел-тергеу топтары құрылды. Осы факті бойынша әртүрлі нұсқалар, соның ішінде мал ұрлығы пысықталды. Ауа-райының күрт нашарлауы іздеу жұмыстарын қиындатты. Дегенмен, полиция қызметкерлерінің қажырлы жұмысы нәтиже берді. Полиция майоры Руслан Куженов, жедел уәкіл, полиция капитаны Асхат Жаңабаев және ювеналды полиция учаскелік тобының полиция лейтенанты Серік Сидалинов жылқыларды тапты» делінген полиция ақпаратында. Осылайша, жоғалып кеткен бір үйір жылқы иесіне қайтарылды. Түлік иесі тәртіп сақшыларын алғыс айтты.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант