USD
USD
USD

Қостанайлық азамат туған ұлын балтамен ұрып өлтірді

Қостанайда әкесі мен баласының арасында туындаған жанжалдың арты өліммен аяқталды.

Қостанайлық азамат туған ұлын балтамен ұрып өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлердің мәліметінше, жанжал әкесі мен баласының спиртті ішімдік ішуі салдарынан туындаған. Ұрыс кезінде күдікті (әкесі) баласының басынан балтамен ұрып жарақаттаған. Қылмыс жасады деген күдікпен 73 жастағы ер адам ұсталды. Істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Полиция басқармасы облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, ол сот алдындағы тергеудің Бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі ("Адам өлтіру") бойынша тіркелген", - делінген ПД хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу