USD
USD
USD

Қостанайдағы жарылыстан кейін үйінді астынан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды

Қостанай облысындағы жарылыстан кейін үйінді астынан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды ТЖМ. 

Қостанайдағы жарылыстан кейін үйінді астынан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы орган күш-құралдары жұмылдырылған.

«11 желтоқсан күні сағат 12:39-да Қостанай қаласының Амангелді кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан жүк көлігін жөндеуге арналған бір қабатты ғимараттың қирағаны туралы хабар түсті. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы біреуі өлі күйінде табылды, оның аты-жөні анықталып жатыр. Іздеу жалғасуда. Ақпарат түсуіне қарай тағы толықтырылады», - деді министрлік.

Қазір оқып жатыр

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көрсетті?

Сынып