USD
USD
USD

Қостанайдағы орман өртіне байланысты лауазымды тұлға ұсталды

Қостанайдағы алапат орман өртіне қатысты Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашев ұсталды. Бұл туралы «ТобылИнфо» хабарлады.

Қостанайдағы орман өртіне байланысты лауазымды тұлға ұсталды
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. «Сот Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашевті қамауға санкция берді. Әулиекөл ауданындағы өрт дәл сол жерден басталған. Жақашев қазір тергеу изоляторында отыр», – делінген бүгін тараған хабарламада.

Әуликөл ауданындағы алапат өрт Басаман орман шаруашылығынан басталып, Семиозерный орман шаруашылығына тараған.

Өрт салдарынан 43 мың гектардан астам орман алқабы жойылып, 91 үй өртеніп кеткен. Бұл іске байланысты прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғаған еді.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити