USD
USD
USD

Қостанайдағы атыстан 2 адам жарақат алды

Polisia.kz сайтына

Қостанайдағы атыстан 2 адам жарақат алды
Фото: NEGE.kz

Қостанай облысында төбелес кезінде 2 адамды атыс қаруынан жарақаттаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  сілтеме жасап.

27 тамыз күні сағат 17:50 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Юбилейный» бау-бақша қоғамында атыс қаруының қолданылуымен төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Полицейлер оқиға орнынан оқ жарақатын алған екі ер адамды – 31 жастағы және 25 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғындарын тапты. Жәбірленушілер дереу ауруханаға жеткізілді.

«Оларға медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бұған дейін де сотты болған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны бір сағаттан кейін қаланың солтүстік бөлігінде ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атыс қаруы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ атыс қаруын сақтау және жасау фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданып жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті