USD
USD
USD

Қостанайда жұқпалы тері аурулары кең тарады

Қостанай облысында тері-жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз деп бағаланады. Биылғы сегіз айда өңірде 51 адам дерматомикозбен ауырған, былтыр осыған ұқсас кезеңде 10 жағдай болған.

Қостанайда жұқпалы тері аурулары кең тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталмыш инфекциямен көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер ауырады. Науқастар арасында 88,2 пайызы – қала халқы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, дерматомикоз (микроспория, трихофитоз) – саңырауқұлақ сипатындағы жұқпалы ауру, онда тері мен шаш, сирек жағдайларда тырнақ та бұзылады.

Инфекция қоздырғышы қоршаған орта факторларына өте төзімді, тері қабатында, шашта және жануарлардың түгінде бірнеше жыл бойына өмір сүре береді.

Инкубациялық кезең 4-6 апта және теріде қызыл және ісінген дақтардың пайда болуымен аяқталады.

Бұл аурудың жұғуы ауру адаммен тікелей байланыста болғанда немесе ластанған заттар арқылы жүзеге асады.

Мұндай заттардың арасында сүлгілер, аяқ киім, кілемдер болуы мүмкін.

Саңырауқұлақтардың кейбір түрлері дымқыл тегістікте өмір сүреді, мысалы, киім ауыстыратын бөлменің, моншаның немесе душтың еденінде.

Саңырауқұлақтар осындай дерматомикозбен ауыратын үй жануарларынан жұғуы мүмкін (қоңырау құрты).

 

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев