USD
USD
USD

Қостанайда жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам зардап шекті

Қостанай облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанайда жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін таңғы сағат 05:30 шамасында Рудный-Қостанай автожолында 29 жастағы мас жүргізушісі BMW маркалы көлігін басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 31 жастағы жүргізуші басқарып отырған Audi автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан BMW жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызызылды.

Audi жүргізушісі мен бір жолаушысы сол жерде көз жұмды, тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«BMW жүргізушісі Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қостанай облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдың басынан бері 1 400 жүргізуші мас күйде көлік айдаған, 87 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Оларға қатысты ҚР ҚК-ның 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран