USD
USD
USD

Қостанайда жоғалған әйел қызметтік-іздестіру итінің көмегімен табылды

3 наурыз күні таңертең "102" пультіне облыс тұрғыны 61 жастағы анасының жоғалып кеткені туралы хабарлады.

Қостанайда жоғалған әйел қызметтік-іздестіру итінің көмегімен табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызының айтуынша, оның есте сақтау қабілеті нашар , сондықтан үйге апаратын жолды таба алмайды. Шақыруды қабылдағаннан кейін инспектор-кинолог Диас Игліков оқиға орнына барды. "Алладин" қызметтік-іздестіру итінің көмегімен іздеу жұмыстары басталды.

- Ит жоғалған әйелдің ізін бірден тапты. Біз жақын маңдағы аумақты және Пролетарская көшесінің бойымен 800-1000 метр радиуста айналып өттік. 39-ші үйдің жанынан жоғалған әйел табылды. Ол абдырап қалып, үйін таба алмаған. Сонымен қатар далада жүріп,жаурап қалған. Іздеу жұмыстары шамамен бір сағатқа жуық уақытқа созылды", - деді полиция сержанты.

Диас Игліков полицияда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол жоғалған адамдарды іздеуге бірнеше рет қатысты. Қызметтік иттің көмегімен жоғалған үш адам табылды.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana