USD
USD
USD

Қостанайда жеті жасар қыз үйінде өртеніп кетті

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал 80-88% күйікпен ауруханаға жеткізілген анасының халі нашар.

Қостанайда жеті жасар қыз үйінде өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға 24 қараша күні сағат 17:20-да келіп түскен. Ал сағат 17:34-те өрт сөндірушілер оқиға орынына келді. Алты пәтерлі кірпіш үйде қабырға мен төбе жабыны өртене бастаған. 50 шаршы метр алаң жалынға оранды. Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялап, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

"Қалалық ауруханаға 1977 жылы туған пәтердің иесі III дәрежелі термиялық күйікпен жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түсті", –  деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Оның 1975 жылы туған жұбайы I дәрежелі термиялық күйік алған. II-III дәрежелі күйік шалған қолын тексеріп, кейін үйіне жіберілді. Ал зардап шеккендердің жеті жасар қызы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Өрт сөндіру барысында көрші пәтерден тағы бір бала құтқарылды. Баланың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов