USD
USD
USD

Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қостанайлық полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізушіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы 26 шілдеде болды. Қостанай – Сұрған автожолының 66 шақырымында жаяу жүргіншіні көлік қаққан. /Алайда, оқиға орнынан жүргізуші қашып кеткен. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Полицияның жеке құрамы күдіктіні іздеуге бағытталды. ЖКО орнынан көлік фарасының сынықтары алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) және ҚР ҚК-нің 347-бабы (ЖКО орнын қалдыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді және жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті