USD
USD
USD

Қостанайда жасөспірім төртінші қабаттан құлап кетті

Қостанайда мектеп оқушысы үйінде ата-анасы жоқ кезде төртінші қабаттан құлаған, деп хабарлады

Қостанайда жасөспірім төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: NEGE.kz

«Алау» арнасы.

Алматы, NEGE. Полицияның хабарлауынша, 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 13 жастағы қыз құлап кеткен.

Бұл жайында полицияға жағдайға куә болған көршілер хабарлаған. Олар сондай-ақ жедел жәрдем шақырып, қыздың ата-анасына қоңырау шалады. Қыздың әкесі мен шешесі бұл кезде жұмыста болатын.

Мектеп оқушысы полицияның сұрағына әдейі емес, абайсызда құлап кеткенін айтып түсіндірді.

Пәтерде сондай-ақ қыздың 9 жасар сіңлісі мен 2 жасар інісі болған.

Құлаған қыз түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді.

Ведомство жыл басынан бері облыс бойынша осымен сегізінші бала терезеден құлап кеткенін мәлімдеді.

Полиция ата-аналардан баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG