USD
USD
USD

Қостанайда жағдай тұрақталғанша, 3 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алады

  Қостанай облысында өрт жағдайы тұрақталғанға дейін 3 мыңнан астам оқушы онлайн оқиды.

Қостанайда жағдай тұрақталғанша, 3 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы аталған өңірге барған оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

«Жағдай тұрақталғанша, облыста 3 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алады. Бұл үшін штаб қызметкерлері білім басқармасының өкілдерімен бірге барлық тиісті жағдайды жасайды. Көмекке мұқтаж балалар мектепте, олардың денсаулықтарына да ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деп атап өтті оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрлігі эвакуацияланған балаларды білім алу және тұру үшін толық жағдай жасалған «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынды. Ведомство дерегінше, мұндай тәжірибе бұрын болған төтенше жағдайлар кезінде қолданылған.

Сонымен қатар, Қостанай облысында балаларға көмек көрсететін жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Балаларға жедел көмек көрсету мақсатында министрлік тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефондарын іске қосты: «Bala qorgau» телеграм-чаты 8 776 170 73 83, +7 777 183 65 67, +7 701 378 66 29.

Қазір оқып жатыр

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза