USD
USD
USD

Қостанайда заңсыз ойын бизнесі анықталды

Қостанай полицейлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда заңсыз ойын бизнесі анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ұйымның ойын бизнесі саласындағы қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді.

Басқарма бастығы Серік Байгонов түсіндіргендей, құмар ойын үшін жалдамалы сауналардың ішінде бөлек бөлме пайдаланылған. Ол үшін фишкалар, карталар, сүйектер, ұялы телефондар қолданылған. Арнайы операция барысында 9 адам ұсталып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс