USD
USD
USD

Қостанайда толассыз жауыннан көпқабатты үйдегі пәтерлер зақымдалды

Әлеуметтік желіде қатты нөсерден зақымдалған пәтерлердің видеосы тарады. Онда пәтерлердің кергіш төбесіне су толып, пәтерлерге шелектер мен шаралар қойылған, төбеден су сорғалап ағуда. Қостанай әкімі Марат Жүндібаев тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда толассыз жауыннан көпқабатты үйдегі пәтерлер зақымдалды
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. Қостанай әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада қатты нөсерден Чернышевский және Байтұрсынов көшесіндегі екі тұрғын үйдегі бірнеше пәтер зақымдалды. Онда мердігер ұйым күрделі жөндеу жүргізіп жатыр.

«Осыған байланысты қала әкімі оқиға орнында тұрғындармен кездесіп, зардап шеккен тұрғындардың пәтерлерін көріп шықты. Тексеру барысында үйлердің шатырын шұғыл жабу үшін дереу қосымша жұмыс күшін тарту туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар, ТЖМ қызметі мен коммуналдық ұйымдарға желілерді тексеру тапсырылды», - деді баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, залалды анықтау үшін комиссия өкілдеріне зардап шеккен пәтерлерді аралап шығуды тапсырды. Ал мүлікті қалпына келтіру және пәтерлерді жөндеу бойынша барлық жұмыстар мердігер ұйым есебінен ұйымдастырылады.

«Жұмыстар қала әкімінің жеке бақылауына алынды. Қала әкімі өзінің және қала әкімдігінің атынан тұрғындардан кешірім сұрайды, сондай-ақ осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды», - деді баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыруға келісті

Украина, Ресей

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана