USD
USD
USD

Қостанайда сот 15 өрт сөндірушіге қатысты үкім шығарды

Қостанайда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталған 15 өрт сөндірушіге қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды 

Қостанайда сот 15 өрт сөндірушіге қатысты үкім шығарды
Фото: NEGE.kz

Sputnik Қазақстан.

Алматы, NEGE. Құтқарушылар алаяқтық жасау, пара алу, пара беруге итермелеу, лауазымды адамға пара беру және парақорлыққа делдал жасау баптары бойынша жауапқа тартылды. Тергеу материалдарына сәйкес, 2022 жылы Науырзым, Амангелді, Ұзынкөл мен Әулиекөл аудандары бойынша өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері өрт сөндіру бастығының орынбасарына жүгініп, мерзімді аттестаттаудан өтуге, сыныптық біліктілік беруге және азаматтық қорғау органдарына құқық қорғау қызметіне түсуге жәрдемдесуді сұраған.

Ол өз кезегінде облыстық департаменттің жеке құрамы бойынша инспекцияның бас маманына хабарласты. Бас маман қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өз көмегі үшін 30 000-нан 150 000 теңгеге дейінгі мөлшерде ақшалай сыйақы талап еткен. Бөлім басышының орынбасары барлық ақшасы оның банктегі есепшотына аударып тұрды.

Сотта прокурор алты адамды 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, ал қалғандарына 600 мыңнан 7 млн. теңгеге дейін айыппұл салуды сұрады. Сот әрбір адамның жеке басы мен рөлін, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен барлық мән-жайды ескере отырып, пара жинаған бас маманды 5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Оған қоса, ол "Азаматтық қорғау подполковнигі" арнайы атағынан айырылады. Пара жинаған бөлім басшысының орынбасарының бас бостандығы 2 жылға шектелді. Қалған өрт сөндірушілер 600 мың теңгеден 3,6 млн. теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс