USD
USD
USD

Қостанайда көпірге шығып алған әйел полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қостанайда көпірге шығып алған әйел тұрғындар мен қауіпсіздік қызметтеркерлерін шошытты

Қостанайда көпірге шығып алған әйел полицейлерді аяғынан тік тұрғызды
Фото: NEGE.kz

, деп жазды Stan.kz.

Алматы, NEGE. Қостанайдағы Үлкен көпірде тұрған әйел туралы полицияға қала тұрғындары хабарлаған. Куәгерлер оны өз-өзіне қол жұмсайды деп қауіптенген. Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері барды.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 32 жастағы жергілікті тұрғын 27 мамыр күні кешке Үлкен көпірге шығып алған. 

"Патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына аттанды. Қостанай қаласының 1990 жылы туған тұрғыны бірнәрсеге қатты алаңдаулы екен. Полиция қызметкерлерімен байланысқа түсуден бас тартты, өзін агрессивті ұстады. Бірақ соған қарамастан, олар әңгімелесіп, оның мұндай әрекетінің себебін анықтай алды", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оны туыстары сол жерден алып кеткен. Полиция оқиғаның бір нұсқасы болған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті расталмағанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент