USD
USD
USD

Қостанайда қыздарды бопсалап келген екі ер адам ұсталды

Қостанай полициясы 40 жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсеткен екі бопсалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда қыздарды бопсалап келген екі ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен ақша бопсалау фактісін анықтады.

Күдіктілер жас қыздардың сеніміне кіріп, олардың қатысуымен интимдік фотосуреттер мен бейнелерді таратамын деп қорқытып, ақша бопсалаған.

– Чат-бот арқылы зардап шеккендерге алдымен бейнеге билеп, содан кейін киімдерін шешу ұсынылған. Әр манипуляция үшін донат қыздарға электронды ақша түрінде түсті. Соңында бот бұл бейнелерді әлеуметтік желілерге таратпау үшін өзіңіз төлеуіңіз керек деген хабарлама жіберді. Егер ақша болмаса, онда сіз таныс адаммен онлайн режимінде жыныстық қатынасқа түсуіңіз керек, – деді ҰҚҚІҚБ бастығы Серік Байгонов.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазірдің өзінде 40-қа жуық қыз бопсалаушылардың құрбаны болғаны анықталды.

Іс бойынша интимдік фото және бейне материалдары бар электрондық ақпарат тасығыштар тәркіленді. Олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар