USD
USD
USD

Қостанайда карантин шаралары жеңілдейді

Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қостанайда карантин шаралары жеңілдейді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE. Бұған дейін жарияланған «Карантин шараларын қатаңдату туралы» Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып аквапарктер мен термопарктердің жұмысына рұқсат берілді. Жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) белгіленді. Алайда аталмыш нысандардың жұмысы жексенбі күндері тоқтатылады. Қаулыға енгізілген басқа да өзгерістер төмендегідей: 1) жұмыс күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін (жексенбі күндері тоқтата тұру) қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру; автобустар соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңделуі тиіс; «ССКБК» АҚ жұмыскерлерін тасымалдайтын Рудный қаласындағы № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттардың демалыс күндері жүру уақыты сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01-00-ге дейінгі аралықта белгіленсін; 2) жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30% - дан аспайтын, кемінде 4 ш.м. толтырумен, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін сауда, ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру. Кинозал, ойын-сауық орталықтардың жұмысына рұқсат етілмейді; бұл ретте алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілерінің, оның ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалардағы сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күндері тоқтатыла тұрсын; 3) күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтап, жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 22:00-ге дейін қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысына (қатаң түрде алдын ала жазылумен) рұқсат беру; 4) жұмыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары және басқалар) жұмысына рұқсат етіледі; 5) бір мезгілде 30-дан аспайтын келуші болған жағдайда, 1 үстел басында 4 адамнан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, жұмыс күндері жұмыс режимін белгілей отырып, сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтап үй-жайларда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру; 6) бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша, жеке форматта, су айнасының 5 шаршы метр есебінен 1 адамға, сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат беру; жұмыс демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын; 7) күшейтілген санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, оның ішінде жабық базарлардың жұмысына рұқсат етілсін. Жексенбі күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына тыйым салынсын; Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің осы қаулысы 2020 жылғы 15 желтоқсан сағат 24:00-ден бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Дружба

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Алматы мешіт

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды

.