USD
USD
USD

Қостанайда аю жас баланы талады

Қостанайда "Радуга" демалыс базасында аю балаға шапты. Сот база иесін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды kstnews.kz.

Қостанайда аю жас баланы талады
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. Басылым мәліметінше, база иесі 306-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

"Костанайские новости" мәліметінше, былтыр 5 қыркүйекте база аймағындағы аю 5 жасар қызға шабуыл жасаған болатын. Ауыр жарақат алған баланың оң аяғын кесіп тастауға тура келді.

Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өтеу ретінде 25 миллион теңге сұрады. Александр Панин материалдық шығынды толығымен төледі. Моральдық зиянның бір бөлігі де өтелді - 1,5 миллион теңге. Сот Панинді кінәлі деп таныды және оған 500 сағаттық қоғамдық жұмыстарды тағайындады, бірақ рақымшылық бойынша ол негізгі жазадан босатылды.

Зардап шеккендердің талап - арызын ішінара қанағаттандырды - аю иесі отбасына 18,5 миллион теңге төлейді. Бұл Қостанайдың аудандық соты қабылдаған шешім, облыстық сотта шешім өзгеріссіз қалды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен