2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қостанайда 6 жасар бала терезеден құлап кетті

Қостанай қаласында алты жасар бала 2-қабаттың терезесінен құлап кетіп, аман қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда 6 жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 14 мамыр күні сағат 23.37-де болған. Қостанай қаласында алты жасар бала екі қабатты жеке меншік үйдің 2-қабатындағы балалар бөлмесінде болған. Уақыт кеш болғанына қарамастан, барлық отбасы мүшелері сергек отырған. Бала бөлмеде бір өзі қалып терезеден москит торын алып тастауды шешті. Алайда немқұрайдылықтың салдарынан сыртқа құлап түсті. Құлаған кезде ол өсіп келе жатқан ағаштың бұтақтарынан ұстап, жұмсақ жерге қонды. Бала жерден көтеріліп, өздігінен үйге кірді, бұл туралы ата-анасына хабарлады. Кеуде омыртқасының жарақаттары диагнозымен жәбірленуші облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Қазір ол қажетті медициналық көмек алып жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын орташа тұрақты деп бағалайды.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар