USD
USD
USD

Қостанайда 5-сынып оқушысы өрттен төрт баланы құтқарды

Өрт сенбі күні Қостанайдағы «Садовод» саяжайы аумағында болды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Қостанайда 5-сынып оқушысы өрттен төрт баланы құтқарды
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. 2021 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:36-да 101 қызметіне Қостанай қаласындағы «Садовод» саяжайы аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгер саяжайдың өртеніп жатқанын хабарлаған. Өрт сөндірушілер келген кезде тілсіз жау 6 адам тұратын тұрғын үйдің 60 шаршы метр аумағын шарпыған. Өрт шатыр тақталары мен тұрғын үйлердің ішіне жайылған.

Үйде ешкім болған жоқ. «Бұл күні Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы «Садовод» саяжайында тұратын Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, көрші үйден түтін шығып жатқанын көреді. Олег мұнда кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасы тұратынын біледі. Үлкен қызы 8 жаста, ал ең кішісі 2 жаста. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, ол түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тіге отырып 4 баланы кезекпен көшеге шығарған. Бұл уақытта ата – аналары үйде болмаған. Олар пешті жағып, дүкенге кетті», - деп түсіндірді департамент.

Ата-аналары келгенге дейін құтқарылған балалар көршілерінің үйінде болған. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі болған жоқ. Келген өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарды. Құтқарушылар өртті 12:07-де оқшаулап, көрші саяжайларға таралу қаупін жойды. Сағат 12:28-де өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрттің шығуына жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.

 

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан