USD
USD
USD

Қостанайда 363 мемлекеттік қызметкердің әйелі – кәсіпкер

Қостанайда 43 мемлекеттік қызметкер кәсіппен айналысады екен. 24 шенді бизнесте басшылық қызмет атқарса, 363 мемлекеттік қызметкердің әйелі бизнесвумен болып шықты. Бұл туралы қостанайлық «Наша газета» порталы ақпарат таратып отыр.

Қостанайда 363 мемлекеттік қызметкердің әйелі – кәсіпкер
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Кәсіпкерлікпен белсенді айналысатындар көбіне салық органдары (55 адам), статистика (18 адам), қазынашылық (16) қызметкерлерінің әйелдері болып шықты. Айталық, бір ауылдық округтың әкімдігінің басты маманы мемлекеттік сатып алулар байқауы шеңберінде құны 915 000 теңге болатын 14 шарт жасасқан. Шарт жасасқан кәсіпкер өзінің күйеуі болған. Заңдық тұрғыдан алғанда, мұның ешқандай сөкеттілігі жоқ, бірақ жақсы нәрсе де емес екені айдан анық.

Айталық, АҚШ-тың кейбір штатында мұндай жағдай анықталса, айыппұл салынатын көрінеді. Тіпті, жұбайы бизнеспен айналысқысы келсе, шенеунік мемлекеттік қызметтен кетуге өтініш жазуы тиіс.  
 

Қазір оқып жатыр

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.