USD
USD
USD

Қостанайда 30-ға жуық тұрғын үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды

Қостанайда жылу желісіндегі үзіліс салдарынан тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай жылусыз қалды. 

Қостанайда 30-ға жуық тұрғын үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК мәліметінше, Герасимов көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы жылу жүйесіне зақым келген.

20 желтоқсанда мына мекенжайлардағы үйлер уақытша жылу беруден ажыратылады:

Герасимов көшесі, 2Б, 7, 8, 9, 10, 12;
«Аэропорт» шағынауданы, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 16, 17, 18, 19, 20, 28, 29, 30, 32, 33, 35, 35А, 38, 39, 45;
Аэропорт көшесі, 1 (әуежай аумағында);
№29 орта мектеп;
«Қостанай» халықаралық әуежайының ғимараты.

Сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сағат 20.00-ге дейін олар ақауды жою жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Жылу беру сағат 20.00-ден 00.00-ге дейін іске қосылады. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық