Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қостанай шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді

Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Алау" порталы.

Қостанай шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпарат порталының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Лауазымды қызметкерлер қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Олар шағын және орта бизнес субъектісі болып саналатын серіктестік басшысынан Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін 10,8 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге заңсыз мәжбүрледі деген күдік бар" - делінген хабарламада.

Бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

"Сот лауазымды қызметкерлердің кінәсін айқындай отырып, соңғы шешімді шығарады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.