USD
USD
USD

Қостанай: Шектеу шаралары қайта енгізілді

Қостанай облысында шектеу шаралары қайта енгізіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қостанай: Шектеу шаралары қайта енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабты жинады.

Отырыс барысында карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды.

Сонымен алдағы күндерден бастап мынадай шектеулер енгізілді:

1. Күнделікті шектеулер:

– қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін сағат 23.00 дейін қысқарту, 30 орыннан артық адам қабылдамау;

– даладағы аттракциондардың жұмысын тоқтату;

2. Демалыс күндеріндегі шектеулер:

– қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;

– ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтату;

– азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру;

– азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;

– фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтату;

– қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру; ,

Бұл шектеулер 20 қазан күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Қостанай облысында коронавирус инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Қазір оқып жатыр

«Барселонадан» төрт гол өткізіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Стас Покатилов

«Лукойлдың» Қазақстандағы активтері америкалық миллиардерге сатылмақ

Лукойл

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр